
22 қаңтарда Мамлют ауданы Покровка ауылының тұрғындары Минкесер ауылынан мал азығын сатып алып, үйлеріне қайтып келе жатқан болатын. Сол кезде "Волга" көлігі алып жүрген тіркемелерінің дөңгелегі жарылған. Жол қозғалысының басқа қатысушыларына кедергі келтірмеу үшін жол жиегімен сағатына 20-30 шақырым жылдамдықпен жүруге тура келді. Осылайша желі шыққан дөңгелекпен 50 шақырымды жүріп өткен. Осы сәтте Афонькино және Воскресеновка ауылдарының арасында оларды Дубровинка ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы майоры Әлібек Осипов байқаған. Ол Дубровный ауылындағы әкімшілік учаскеден Мамлютка қаласына бара жатқан болатын. Полиция қызметкері ауыл тұрғындарына өз көмегін көрсетуін ұсынды. Ол ауыл тұрғының ұлын үйіне дейін жеткізіп, ал ол өз көлігімен "қосалқы" дөңгелекпен оралып сыңған көлікті жөндеген.
Instagram әлеуметтік желісінде орын алған жағдай туралы ақпарат пайда болды: "Мен сізге азаматтарға көмектесуге әрқашан дайын тұратын мейірімді және жанашыр адамдар бар екендігі туралы айтқым келеді. Сіздің айналадағы болып жатқан нәрсеге бей-жай қарамайтындығыңыз үшін көп рахмет...»
Ал қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні "Челябинск-Новосибирск" автожолында Токуши және Знаменское ауылдарының арасында Омбыдан келе жатқан петропавлдықтардың көлігі бұзылған. Жүргізушінің айтуынша бұзылған көлікті жөндеу мүмкін болмай, айдалада тұрып қалған көлік тез суып кеткен. Бір сағаттай тұрып қалған қала тұрғындарын СҚО ПД патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторлары Сұлтан Қуанышев пен Совет Балтабаев байқап қалады. Олар эвакуаторды шақырып, техника келгенге дейін қала тұрғындарын полиция көлігінде жылынуға мүмкіндік берген. Кейін машинаны эвакуаторға жүктеуге көмектесті.
"Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері қиын жағдайда адамдарға көмек көрсетуге бағытталған", - дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. "Қиын сәтте адамдарға көмекке көрсеткендері үшін алғыс сөздер құқықтық тәртіпті сақтау үшін қиын жұмыста қолдау ретінде қызмет етеді және одан әрі қызмет етуге ынталандырады".
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia