
Мамлют ауданындағы ауылдардың біріндегі дүкенде сыра, арақ, шарапты еш лицензиясыз сатып келген. Бұл фактілерді полиция қызметкерлері 25 және 26 қаңтарда анықтады. Заңсыз айналымнан 143 литр алкоголь тәркіленді. Кәсіпкерлерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру» бойынша материал жиналды.
«Құрамында спирт бар өнімдердің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл – қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың бір бөлігі, олардың көпшілігі мас күйде жасалады», - дейді аудандық ПБ бастығы полиция полковнигі Петр Климов. — Бұл негізінен тұрмыста жасалатын қылмыстар, бұзақылық фактілері, дене жарақатын келтіру. Осы бағытта жүйелі түрде жүргізіліп жатқан іс-шаралардың нәтижесінде өткен жылы отбасылық жандалдардың санын азайтуға ықпал етті: мұндай 115 факті тіркелді, ал 2021 жылы бұл көрсеткішті 144 құрады».
Облыста өткен жылы барлығы 9600 литр заңсыз алкоголь тәркіленіп алынды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia