
СҚО полицейлері өткен жылы есірткінің ең ірі партияларының бірін тәркілеу бойынша материалдарды сотқа жіберді.
Тамыз айының басында «Астана-Петропавл» республикалық автожолында өңір полицейлері Гретта есімді қызметтік-іздестіру итін қолдану арқылы «Volkswagen Passat» автокөлігінің жүксалғышында үш полимерлі қапқа салынған 49,37 килограмм марихуананы анықтады. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Өткізу мақсатымен есірткінің заңсыз айналымымен жұмыс істеді деген күдікпен көліктің жолаушысы – Ақмола облысының «нашақор» санаты бойынша есепте тұрған бұрын сотталған 49 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол полицейлерді жарты центнер марихуананы жеке мақсатта пайдалану үшін тасымалдағанына сендіруге тырысты. Қазіргі уақытта осы факті бойынша тергеу аяқталды, материалдар ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша сотқа жіберілді.
«Баптың санкциясымен 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – 2022 жылы облыста барлығы 241 есірткі құқық бұзушылығы анықталды, оның ішінде 17-сі – есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау фактісі және 90-ы – өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 423 кг. түрлі есірткі заттары, оның ішінде 3 кг. 500 гр. синтетикалық есірткі тәркіленді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia