Полиция бөліністерінде азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылды

Полиция бөліністерінде азаматтарды жеке қабылдау тоқтатылды

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға және төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде «азаматтарды қабылдау» жұмысы тоқтатылды. «16 наурыздан бастап инфекцияның таралуын төмендету бойынша алдын алу шаралары аясында азаматтарды қабылдау уақытша тоқтатылды. Бұрын жазылған азаматтардың кезегі сақталады және қабылдау қайта басталғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатын болады», - деді СҚО ПД Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Динара Қожантаева.

Ішкі істер органдарының барлық аумақтық бөліністерінің басшылары да азаматтарды жеке қабылдауды тоқтатты. Осыған қарамастан облыстық, қалалық және аудандық бөліністердің басшыларына сұрақтарыңыз болса, Электрондық үкімет порталы, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ қызметі арқылы қоюларыңызға болады.

Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы