
Қазақстанда шетелде тіркелген автомобильдерді заңдастыру басталды. Петропавл қаласындағы Нефтепроводная көшесі, 7 мекенжайында орналасқан Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына түске дейін 35 адам келіп өтініш білдірді. Оның 10-ы мақұлдау алды, бесеуі жаңа қазақстандық нөмірлермен кетті. Алғашқылардың бірі болып өзінің «Daewoo Matis» автокөлігін петропавлдық Дмитрий Савич тіркеді. Ол көлікті ресімдеудің ұйымдастырылуы жайлы оң пікірде. «Мен барлық кезеңдерден өте тез өттім. Ең бастысы, машинамда кемшіліктер болмағаны қуантты. Оны сатып алмас бұрын ұрланбағанына және еш қарыздары жоқ екеніне көз жеткіздім», - дейді ол. Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері атап өткендей, тіркеу туралы өтінімді кез келген халыққа қызмет көрсету орталығында немесе e-gov арқылы беруге болады. Бұдан бөлек, «электрондық үкіметтің» сайтында жабық бокста тексерту үшін алдын ала кезек брондауға болады. Онда криминалистер агрегаттық нөмірлерді көлік құралын тіркеу туралы куәлігіндегі мәліметтермен салыстырады, автокөлікті криминалдық есептер бойынша тексереді. Егер машина талаптарға сай болса (шетелде есептен шығарылған, кедендік тазартудан өткен және т.б.), адам Қазақстанда тіркелген көліктің заңды иесі болады.
«Керемет қарбалас жоқ. Алдын ала белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. – Қызметкерлер жұртшылықпен кездесіп, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы адамдардың сұрақтарына жауап берді. Барлық сұрақтар бойынша t.me/petropavloskbanderos Telegram-чатында кеңес алуға болады, сондай-ақ, жұмыс уақытында СҚО ПД процессингтік орталығына 8 (7152) 32-00-19, 32-00-22 телефондары арқылы хабарласуға болады. СҚО-да шетелдік тіркеудегі барлығы 7 мыңнан астам автомобиль бар, оның 90%-ы ресейлік тіркеудегілер. Бір реттік заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жүргізіледі».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia