
Петропавлда полиция офицерлеріне арналған оқу-әдістемелік жиындар аяқталды. Кадр саясаты бойынша 114 орынбасар біліктілікті арттыру туралы сертификаттар алды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен келген полиция басқармалары мен бөлімдері бастықтарының кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары үшін осы апта ерекше өтті. Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжановтың тапсырмасымен Ұлттық ұлан академиясында оларға кәсіби деңгейін арттыру бойынша оқыту курстары ұйымдастырылды. Басшы құрамның офицерлері жігіттік шақтағы өткерген әскери өмірге бір сәтке оралды. Казармада тұрып, сарбаздық өмірдің қатаң тәртібін, саптық дайындығын және асханасын естеріне түсірді. Академияның мәжіліс залында оларға ІІМ оқу орындарының үздік оқытушылары сабақтар өткізді.
Бастық лауазымындағы тұлға жеке құрамға қойылатын барлық талаптарды өзіне де қоюы керек. Оқу-жаттығу жиындарының басынан бастап курс тыңдаушылары күйзеліске төзімділік, көшбасшылық қасиеттерінің деңгейін тексеру үшін психологиялық тестілеуден өтті. Сабақтарда кадр саласын цифрландыру, ІІМ оқу орындарында кадрлар даярлаудағы жаңашылдықтар, жеке құраммен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының педагогикалық негіздері, қызметте полиция қызметкерлері кездесетін психологиялық проблемаларды шешу жолдары және басқа да өзекті тақырыптар қарастырылды. Кадр қызметкерлеріне көптеген міндеттер жүктелген. Полицияның барлық қызметінің тиімділігі, отансүйгіштік деңгейі мен қызметкерлердің кәсіби тұрғыда өсуі, ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал көбіне білікті кадрлық шешімдерге байланысты болып келеді.
Сондай-ақ полиция офицерлері үшін үлкен мәдени бағдарлама әзірленді: академияның шығармашылық ұжымы ұйымдастырған тақырыптық кеш, СҚО Полиция департаментінің музейіне және Абылай ханның музей-кешеніне экскурсиялар ұйымдастырылды, «Қазбат» әскери-патриоттық көркем фильмі көрсетілді. Осы іс-шаралар сабақтармен қатар өткізілді. Өйткені бұл да тәрбие жұмысының негізі.
«Ішкі істер органдарында кадрлық және тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай тәсілдерін әзірлеуге арналған жиындар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалу деңгейін арттыру, полицияның сервистік моделін енгізу, сондай-ақ халықтың полицияға деген сенімін, кадрларды даярлау сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау шеңберінде өткізілді», - дейді ҚР ІІМ кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев.
Академия плацында сертификаттарды салтанатты табыстаудан кейін аталмыш оқу орны бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник Ілияс Сағындықов сөз алды. «Курстың мақсаттарының бірі – сіздерді оқытудан бөлек, үй-жайда бірге тұрып, топ болып жұмыс істеудің тәжірибесін үйрету болды. Осы арқылы сіздерге бөліністердің жұмысының күрделілігі мен тиімділігін көрсеткіміз келді. Белгілі бір жағдайларда барлық тапсырмаларды орындай алуы үшін бөлімшеге практикалық дағдыларды үйретуге болатындығына көз жеткіздіңіздер», - деді ол.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia