
Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері саяжай қауымдастығының аумағында екі ер адамды байқап қалды. Олардың біреуі полицейлерді көре сала қалың қарға белгісіз затты лақтырып, бой тасалады. Тәртіп сақшылары омбы қардан дара ұңғылы «ИЖ-К» аңшы мылтығы мен 16 калибрлі 5 патрон салынған қара пакет тапты. Ер адамның жеке басы анықталды. Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оның айтуынша, мылтықты аз уақыт бұрын бұталардың арасынан тауып алған. Тіркелмеген қаруды алып жүргені үшін оған қатысты материал жиналды, кейін сотқа жіберіледі. Тексеру жүргізілуде.
«Қаруды заңсыз қолдану үшін заңмен көзделген жауапкершіліктен құтылудың жалғыз мүмкіндігі — тіркелмеген қару-жарақты өз еркімен тапсыру», - дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. — Қару сияқты басқа да қауіпті заттарды анықтаған жағдайда, олардың табылғаны туралы дереу полицияға хабарлау қажет».
Полицейлер айтып өткендей, тіркелмеген қару көбінесе қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұстанбай сақталады екен. Бұл жазатайым оқиғаға себеп болуы немесе қылмыстық мақсатта ұрлануы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін тәртіп сақшылары қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтау бойынша ұдайы жұмыс істеуде. Өткен жылы заңсыз айналымнан 128 бірлік тіркелмеген қару тәркіленіп алынды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia