СҚО полицейлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

СҚО полицейлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жылды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен түсіндіру жүргізу түріндегі кездесуді өткізуден бастады.

Тәртіп сақшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне әкімшілік ғимараттардың инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар, террористік сипаттағы қатерлер туындаған кезде әрекет ету ережелері мен іс-қимыл тәртібі туралы айтып берді.

Терроризмге қарсы қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша жұмыс СҚО ПД ЭҚІҚБ қызметкерлерімен ұдайы жүргізіледі. Өткен жылы облыстың еңбек ұжымдарымен 24 кездесу өткізілді, оған террористік тұрғыдан осал объектілердің 246 басшысы мен 1403 қызметкері қатысты.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО #SQOPD #SQO_PD #Polisia #Полиция #Police #Polizei #policía #polizia