«Қауіпсіз мектеп» іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс болуының 123 фактісі анықталды

«Қауіпсіз мектеп» іс-шарасы аясында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс болуының 123 фактісі анықталды

Кезектен тыс мектеп демалысы қарсаңында ювеналдық полицейлер бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Басты мақсат – жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу.

Бес күн ішінде тәртіп сақшылары есепте тұрған, кәмелет жасына толмаған 190 жасөспірімді тексерді. Мектепішілік есепте тұрған – 539 бала, сондай-ақ, 224 қолайсыз отбасы тексерілді. 254 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 123-і – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жүруіне қатысты.

СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев нақтылағандай, бес күн бойы өткен «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасына күн сайын 630 астам полиция қызметкері, ұстаздар мен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері жұмылдырылған. Тақырыптық әңгімелесулермен, дәрістермен 411 мектеп, 24 колледж қамтылды. Құқықтық тақырыптағы сабақтарды кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар ғана емес, патрульдік полицейлер де өткізді. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиевтің айтуынша, жол сақшылары мектептерде дәрістер оқып, балаларға Жол жүрісі ережелерінің қатаң сақталуы қажет екенін айтып берді.

СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы айтып өткендей, Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты полиция қызметкерлері азаматтарға өз қауіпсіздігі мен балаларының қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге, балалардың тұрғынжайдан тыс жерлерге шығуын азайтып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ауруды жұқтырудың алдын алу жөніндегі ұсынымдарын сақтауға кеңес береді.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы