
Өткен аптада ішкі құжаттар бойынша қазақстан-ресей, қазақстан-қырғыстан шекараларын кесіп өтуге байланысты уақытша шектеу енгізілді. Осыған орай, Солтүстік Қазақстанда паспорт алуға байланысты өтініштердің саны күрт артты. Паспорттары бар азаматтар, оның ішінде солтүстікқазақстандықтар үшін мемлекеттік шекараны кесіп өтуді шектеуді көздейтін елде төтенше жағдай режимі енгізілгеніне қарамастан, осы мемлекеттік қызметті алу үшін адамдар жүгінуді жалғастыруда. Өткен жұмыс күні Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері құжаттандыру бойынша 800 астам өтініш қабылдады, оның басым бөлігі паспорт алуға байланысты болды. Жедел жұмыс істеуді ұйымдастыру үшін жұмыс орнының саны арттырылды.
«Жұмыс ауқымы көбейді, осыған орай құжаттарды қабылдау үшін жұмыс орнының саны екі есе арттырылды. Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты паспорттарының бар болғанына қарамастан, елдің шегінен тыс жерге шығуға шектеу қойылғанын атап өткен жөн», - деді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов.
Егер сенбі күні облыс орталығында өтініштер 200 астам болса, дүйсенбі күні оның саны облыс бойынша 800-ге жетті.
СҚО ПД баспасөз қызметі