Учаскелік полиция инспекторлары бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімнен бұрын босатылған тұлғаларға тұрақты түрде бақылау жүргізеді. Петропавлда мұндай 185 адам бар. Учаскелік полиция инспекторлары және пробация қызметкерлері оларды айына кемінде үш рет шартты түрде мерзімінен бұрын босату қағидаларының сақталуына қатысты тексереді.
«Аталған қағидалар бостандықты шектемейді, тек қылмыстың қайта жасалуына жол бермей, аталған тұлғалардың жүріп-тұруына бақылаудың жүзеге асырылуын көздейді, - деп түсіндірді Петропавл қ. ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин. – Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адам жұмыс пен оқу үшін аймақтан тыс шыға алады. Ол міндетті түрде жұмыс істеуі тиіс, өйткені босату шарттарының бірі – келтірілген шығынды өтеу бойынша шара қабылдау болып табылады. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалар өздерінің әрбір жүріс-тұрысы туралы полицияны хабардар етуге міндетті. Елді мекеннен тыс шығуы үшін олар жазбаша рұқсат алып, жеткеннен кейін сол жердегі учаскелік полиция инспекторына барып, есепке тұруы тиіс».
Алкоголь ішпеу, көңіл көтеретін орындарға бармау, кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін тұрғылықты жерінен кетіп қалмау сияқты басқа да шектеулерді орындау. Өкінішке орай сотталғандардың бәрі оларға артылған сенімді ақтамайды. Белгіленген тәртіпті жүйелі түрде бұзған жағдайда учаскелік инспекторлар материал жинайды, оның негізінде сот шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің күшін жою туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Мұндай шаралар да кездеседі. Заңсыз есірткімен айналысқаны үшін сотталған 1994 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны бір жыл бұрын қалған 1 жыл 5 ай жазасын өтеу үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған. Бастапқыда ол шектеу ұйғарымын сақтап, уақыт өте келе бұзушылыққа жол беріп, учаскелік полиция пунктіне белгіленуге келу талаптарын орындамаған. Жыл соңында ұсақ ұрлық, алаяқтық, үйлердің подъездерінен балалар қол арбасын ұрлау сияқты бірнеше қылмыстар жасаған. Тергеу аяқталған соң сотқа шартты түрде мерзімінен бұрын босату режимінің күшін жою туралы материал жолданды.
Полицейлер жыл басынан сотқа осындай 21 ұйғарым жолдады, бұзушылыққа жол берген 9 сотталушы қайта бас бостандығынан айыру орындарына қамалды.
СҚО ПД баспасөз қызметі