
Өткен жылы облыс полицейлері тұрмыс саласында 2 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады. Олардың басым бөлігі мас күйде жасалады. 12-15 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – мұндай фактілердің алдын алу, криминогендік жағдайды жақсарту.
Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту жоспарлануда. Бұл ретте келесі міндеттер қолға алынады: полицияда профилактикалық есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексеру, алкогольді ішімдіктерді асыра пайдалану, құқық бұзушылықтар жасауға бейім адамдарды анықтау.
Полиция қызметкерлері адамдарды отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды жасырмауға шақырады. Болған жәйт туралы үндемеу көбінесе жағдайдың нашарлауына әкеледі. Мамандардан көмек сұрау қиын жағдайдан шығуда маңызды қадам болуы мүмкін.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО