Полицейлер қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті

Полицейлер қызмет атқарудың күшейтілген түріне көшті

Ел аумағында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты СҚО полицейлері күшейтілген түрде қызмет атқаруға көшті. «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шаралар күшейтілді. Кезекшілікке түсетін жасақтар саны арттырылды. Петропавл қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге барлығы 200 астам адам, оның ішінде әскери қызметшілер де тартылды», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаев. Көші-қон қызметтері орталығында төлқұжат дайындаумен байланысты өтініштердің көп тіркелуіне байланысты жұмыс орындары көбейтілді. Тек өткен демалыс күндері аталмыш мемлекеттік қызметті алу үшін 200-ден астам солтүстікқазақстандық жүгінді.

Мемлекетіміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты соңғы уақытта коронавирустың таралуы бойынша жалған хабарлар шыға бастады. Тәртіп сақшылары жалған ақпарат тарату үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Осындай заң бұзушылықтар үшін бір айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл салу немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айыру, шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделеді.

Динара Сағындықова, СҚО ПД баспасөз қызметінің аға инспекторы