
Петропавлда тергеушілер аса ірі мөлшердегі пәтер ұрлығы бойынша материалдарды сотқа жіберді.
Петропавлдық кәсіпкер әйел ұрлық туралы полицияға арызбен жүгінген. Белгісіз қылмыскер терезені бұзып, жеке меншік үйге еніп, ақша, зергерлік бұйымдар және ерлер мен әйелдер әтірімен бірге басқа да құнды заттарды қолды қылған. Келтірілген шығын сомасы 20 миллионнан астам. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі «Ұрлық» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Бейнекамералардағы жазбалардан қылмыс жасалған маңда жедел уәкілдер күдікті адамды байқады. Оны тануға көкшетаулық әріптестер көмектесті. Ер адам полицейлерге жақсы таныс. Ол бұрын мүліктік қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған 41 жастағы көкшетаулық тұрғын болып шықты. Екі күннен кейін ер адам Астана қаласындағы қонақ үйлердің бірінен ұсталды. Материалдық құндылықтар мен ақшаның біраз бөлігі тәркіленіп алынып, иелеріне қайтарылды.
«Осы оқиғадан кейін зардап шеккен отбасы бейнебақылау камералары мен дабыл орнатуды шешті, - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Назаров. – Бұлар ұрлықтың алдын алудың сенімді құралы болып табылады, қылмыстарды ашуды жеңілдетеді. Адамдардан өз мүлкін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау үшін шара қабылдауларын сұраймыз. Мықты құлыптарды қолданып, бірінші қабаттың терезелеріне торларды орнатыңыздар. Тұрғын үйдің техникалық нығайтылуы қылмыскерлердің заңға қарсы әрекеттерінен сақтайды. Өткен жылы облыста барлығы 327 пәтер ұрлығы тіркелді, бүгінгі таңда 263-сі ашылды. Бұның ішінде пәтерлерге заңсыз кірумен байланысты 93 ауыр қылмыс бар, оның 77-сі ашылды».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО