Өткен жылы СҚО полицейлері аң аулау ережелерінің 400-ге жуық бұзушылығын анықтады

Өткен жылы СҚО полицейлері аң аулау ережелерінің 400-ге жуық бұзушылығын анықтады

СҚО полицейлері әуесқой аңшыларды заңнаманы бұзбауға шақырады. Тәртіп сақшылары жаңа жылдың бірінші күнінен бастап тұяқты жануарларды, қауырсындыларды және өзен құндызын аулауға тыйым салынғанын еске салады. 15 ақпанға дейін су тышқанын, қарсақты, түлкіні, ақ қалақты, ақкiсті, қоянды аулауға болады.

Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін мүдделі ведомстволардың қызметкерлерімен бірлесіп ұдайы рейдтер жүргізіледі. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматовтың айтуынша, өткен жылы жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерінің – 382, балық аулау және балық ресурстарын мен басқа да су жануарларын қорғау ережелерінің 331 бұзушылығы анықталған. Сондай-ақ заңсыз аңшылықтың – 19, Artemia salina құнды шаяндарын заңсыз аулаудың – 7 фактісінің жолы кесілді.

Полицейлер ескерткендей, табиғи ресурстарды тек тиісті рұқсат болған жағдайда аулауға болады. Мас күйде аңшылыққа және балық аулауға шығуға тыйым салынады. Аңшы қаруды тек оқталмаған, бөлшектелген және қапқа салынған күйінде тасымалдау қажет. «Табиғат аясында демалуды құмартатын азаматтар заңнаманың осы және басқа да талаптарын білуге және қатаң сақтауға міндетті», - дейді полиция полковнигі Айдын Байматов.

Облыстың экологиясын сақтау бойынша жұмыстар ұдайы негізде жүргізіледі.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО