
Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында «ГАЗель» автокөлігін басқарып келе жатқан 48 жастағы жүргізушіге полицейлер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестің қызметкерлерінің көмегі қажет болды.
СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Нұрлан Қожахметов пен Елжас Мақұлов бекітілген учаскені патрульдеу кезінде Көкшетау-Рузаевка автожолының 142-ші шақырымында кюветте батып тұрған автокөлікті байқап қалған.
Қостанайлықтың айтуынша, ол Астана қаласынан Қостанай қаласына кептірілген жемістер апара жатқан. Полицейлер жақын маңдағы «Саумалкөл-Агро» ЖШС-не жүгінді. Ол жерден «К-700» тракторы көмекке шықты.
«Көлікті өзі шығара алмағандықтан, жүргізуші бізден көмек сұрады. Біреуіміз рөлге отырдық, екіншісі қызметкер тракторға троссты бекітті. Автокөлік жолға шығарылғаннан кейін жүргізуші сапарын жалғастырды», - дейді полиция аға лейтенанты Елжас Мақұлов.
Полицейлер жүргізушілерден синоптиктердің болжамын мұқият бақылауды сұрайды. Сондай-ақ ауа-райы нашарлаған жағдайда облыс жолдарында қозғалысты шектеу енгізілуі мүмкін екенін есте ұстаған жөн. Қауіпсіздік шараларын, қозғалыс кезінде қашықтықты, тежеу жолының ұзаратынын есте сақтау керек.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО