Өткен жылы Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерінің 5 мыңға жуық бұзушылығын анықтады

Өткен жылы Петропавл полицейлері абаттандыру ережелерінің 5 мыңға жуық бұзушылығын анықтады

Желтоқсан айының соңында Петропавл полициясына қала тұрғынынан қоңырау келіп түсті. Ол көшелердің бірін тазарту барысында жол жиегінде жасыл желектерге зақым келтірген қар үйіндісі қалғанын айтып шағымданды.

Петропавл қ. Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Мұқатовтың айтуынша, құқық бұзушыны іздеуге учаскелік инспекторлар мен қалалық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмылдырылған. Сыртқы қызметтердің үйлесімді жұмысының арқасында 23 жастағы қала тұрғыны – мердігер ұйымдардың бірінің қар тазалайтын арнайы техникасының жүргізушісі қысқа уақыт ішінде анықталды. Ол жүк тиегішпен қар артып жүрген кезде кішкентай ағаштар зақымдалған. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша хаттама толтырылды.

Өткен жылы Петропавл қ. ПБ қызметкерлері абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4826 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл негізінен белгіленбеген жерлерге қоқыс тастау жағдайлары, қыста – қар үю фактілері. Айыппұл қасақана ереже бұзғандарға салынады. Негізінен ескерту түріндегі әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылады.

Сондай-ақ, полицейлер қылмыстық немесе әкімшілік заңнаманы бұзу фактілері туралы «102» жедел арнасы немесе «102» мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға болатынын еске салады (ҚР ІІМ-нің App Store және Google Play-дегі ресми қосымшасы).

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО