
Қала дүкендерінің бірінде өткен жылдың желтоқсан айында жасалған тонау бір сағаттың ішінде ашылды. Сатушы супермаркеттің жанында орнатылған «SOS» батырмасын пайдаланған.
Күн ортасына таман белгісіз қылмыскер Н. Назарбаев көшесі бойындағы «Северный» супермаркетіндегі бутиктердің бірінен 3 күміс алқаны жымқырмақ болған. Сатушы оны байқап қалған, ұры қолды қылған заттарды алып ізін суытқан. Сатушы қуып жете алмаған соң, жақын маңда орнатылған «SOS» батырмасын пайдаланған. Сигнал шұғыл жедел кезекшімен тексерілген. Бейнебақылау инспекторы қылмыскерді тіркеген. Жедел уәкілдер оның бұрын сотты болған 50 жастағы қала тұрғыны екендігін анықтады.
«Заманауи техникалық байланыс құралы мен бейнебақылау жүйесі полиция қызметкерлері жұмысының жеделдігін арттырады, — дейді Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Азамат Ташев. — Күдікті қылмыс жасағаннан кейін бір сағат ішінде ұсталды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы «Тонау» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұрланған заттар алынды, тергеу әрекеттері жүргізілуде».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО