
Спирттік ішімдік ішіп, масаң күйде рөлге отырған адамдар – қоғамға қауіп төндіретін қылмыскерлер. Өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен облыс жолдарында 28 жол-оқиғасы жасалды, онда 6 адам қаза тауып, 30-ы түрлі жарақаттар алды. Мас жүргізушілермен күрес – жол қауіпсіздігін нығайтуға жауап беретін полиция қызметтерінің басымды міндеттерінің бірі. Жаңажылдық мерекенің үш күнінде СҚО-да 6 жүргізуші масаң күйінде ұсталды.
СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция подполковнигі Айдын Байматов бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстың ұдайы негізде жүргізілетінін айтады. Мас жүргізушілер рейдтер, жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталады. Мәселен, желтоқсанның 16-31 аралығында облыста «Мас жүргізуші» ЖПІШ жүргізілді, оның барысында масаң күйде көлік басқарған 44 автомобилист жауапкершілікке тартылды. Мұндай жүргізушілерге заңнамамен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу не 7 жылға көлік басқару құқығынан айыру қарастырылады.
«Мәселенің күрделілігі статистикадан байқалады, - дейді Айдын Байматов. 2022 жылдың 12 айында масаң күйде көлік басқарудың 1 мың 173 фактісі анықталды. Оның қаншасы қайғылы аяқталуы мүмкін екенін елестету де қиын. Масаң күйде көлік құралдарын басқару фактілеріне жол бермеуге бағытталған мақсатты жұмыстар полиция қызметкерлерімен тұрақты түрде жүргізіледі».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО