
СҚО полицейлері күрделі ауа райы жағдайында жүргізушілерді аса сақ болуға шақырады. 3 қаңтар күні көлік қозғалысы қарқынды «Астана-Петропавл» трассасында 3 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан зардап шеккендер бар.
Таңертең Тайынша ауданы Кременчуг а. маңындағы автожолдың 373 км-де 38 жастағы астаналықтың басқаруындағы «Hyundai Elantra» мен Ақжар ауданының 30 жастағы тұрғыны басқарған «Kiа Rio» автокөлігі соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Hyundai» автокөлігінің 37 жастағы жолаушысы медициналық көмекке жүгінді.
СҚО-да адамдардың зардап шегуімен үш жол-көлік оқиғасы орын алды
Түс кезінде Қызылжар ауданының аудан орталығы Бескөлдің маңындағы жолдың 473 км-де Петропавл қ. 28 және 62 жастағы тұрғындары басқарған «Audi-80» және «Renault Duster» автокөліктері соқтығысты. Соққы алған «Renault» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жүгінді.
Кешке Рощинское а. маңындағы жолдың 405 км-де елорданың тағы бір 38 жастағы тұрғыны «Toyota Alphard»-тің аударылуына жол берген. Төрт жолаушыға медициналық көмек көрсетілді, 9 жасар қыз ауруханаға жатқызылды.
«Барлық жағдайда да жүргізушілер мас болмаған, - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Жол қозғалысы қатысушыларын ауыспалы ауа райы кезінде аса сақ болуға шақырамыз. Жолдағы апаттылықты төмендету мақсатында СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қала сыртындағы жолдарда Жол жүрісі ережелерінің сақталуына қатысты жұмыс жүргізеді. Жаңа жылдық демалыс күндері кезеңінде аталған жұмыс күшейтілген режимде жүргізілді, қаңтардың 1 мен 2-сі күндері жол-көлік оқиғаларына жол берілген жоқ. Бұл ретте, көлік жүргізушілері жауын-шашын жолдағы қозғалысты көруге, маневр жасауға кедергі келтіретінін атап өткен жөн. Жылдамдық режимін қатаң сақтап, Төтенше жағдайлар қызметінің ескертулеріне назар аударыңыздар».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО