Полиция капитаны - Аяз ата: СҚО полицейлері Жаңа жылда қайырымдылық жасауда

Полиция капитаны - Аяз ата: СҚО полицейлері Жаңа жылда қайырымдылық жасауда

Жаңа жылды қайырымдылық жасай отыра қарсы алу. Мерекелік іс-шаралар қатарында қайырымдылыққа да ерекше көңіл бөлінеді. СҚО Полиция департаментінің аппараты мен аудандық полиция бөлімдері Жаңа жыл қарсаңында көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетті.

Мысалы, көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері екі отбасына барып қайтты. Біреуінде төрт бала, екінші отбасында бес бала тәрбиеленуде. Аяз Ата мен Ақшақар болып киінген екі полиция капитаны балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Қажетті азық-түлік пен тәттілер салынған пакеттен бөлек киноға билет, дәмханаға сертификат және басқа да мерекелік сыйлықтар тарту етілді.

Осындай іс-шаралар аудандық полиция бөлімдерінде де өткізілді. Аққайың аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Полудино балалар үйіне барып қайтты. Мұнда 54 бала тәрбиеленуде. Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Руслан Сапаров және аудандық ішкі істер органы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қанат Әленов балаларға тәттілер сыйлап, педагогтарды Жаңа жылмен құттықтады. Меймандар тәрбиеленушілердің дайындаған концертінің көрермені болды.

«Қайырымдылық жасау – ішкі істер органдарының игі дәстүрлерінің бірі, - деді Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Айдын Қабдұлдинов. – Полиция жұмысының әлеуметтік маңызы халыққа жақын болып, қолдау көрсету, оларды барынша қорғау және тыныштықты қамтамасыз ету».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО