
Сот төрелігінен қашу мақсатында қылмыскерлер басқа облыстарға, қалаларға, елді мекендерге кетіп, бойы тасалағылары келеді. Оларды іздеу – криминалдық полиция жұмысының маңызды желілерінің бірі. Петропавлдық жедел уәкілдер желтоқсанның 29-ы күні Атырау қаласында тонау жасап, бір айдай уақыт іздеуде жүрген Қостанай қ. тұрғынын ұстады. Бұдан бірер күн бұрын, 29 желтоқсан Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ақтау қ. шыққан іссапары барысында есірткінің заңсыз айналымына күдіктіні ұстады. Оған бір ай бұрын іздеу жарияланған.
«Іздестіру іс-шаралары басқа қызметтермен өзара іс-қимыл жасасу арқылы жүргізіледі, - деп хабарлайды СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиев. – Аталған жұмыс Департамент басшылығының ұдайы бақылауында. Жыл басынан облыста 60 қылмыскерге іздеу жарияланды. Криминалық полиция қызметкерлерімен 65 іздеудегі тұлға ұсталды, оның 14-і өткен жылдар санатындағы қылмыстар».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО