Солтүстік Қазақстан облысында үш апалы-сіңлілі 30 жыл құжатсыз тұрып келген

Солтүстік Қазақстан облысында үш апалы-сіңлілі 30 жыл құжатсыз тұрып келген

Үш әйел адам Мағжан Жұмабаев ауданында 30 жыл құжатсыз тұрып келген. Олар «Жолда қабылдау» акциясы кезінде алғаш рет құжаттарын алды. Апалы-сіңлілі Нұғұмановтар Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасының Омбы облысында дүниеге келіпті. Олардың ең үлкені 6 жаста болғанда Қазақстанға ата-аналарымен бірге 1990 жылы қоныс аударған. Ауылды жерде тұрып келген ағайынды қыздар құжаттардың келешекте қажет болатындығына мән бермепті. Осылайша құжаттарға қажеттілік туындағанда олар «Жолда қабылдау» акциясы барысында СҚО Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Марат Төлебаевқа жүгінді.

Кейін белгілі болғандай бұған туу туралы куәліктерінің жоғалуы, Ресей тарапынан қажетті жауаптың келмеуі себеп болыпты. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Ресейдегі ҚР елшілігі мен адам құқықтары жөніндегі халықаралық бюромен байланысқа шығып, қыруар жұмыс атқарыпты. Ағайынды қыздар осындай қабылдаулардың бірінде жүгініп, біраз уақыттан соң өткен кезекті қабылдауда олардың мәселелері шешімін тапты. Полицейлер Дариха, Кәмеш, Дәния Нұғұмановаларды Көші-қон қызметі басқармасына шақырды. Ауыл тұрғындары әлеуметтік желілердегі тікелей эфир барысында жеке куәліктерін алуға жолдама құжатын алды.

«Біздің мәселенің басы-қасында болып, шешімін табуда үлкен көмек көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне зор алғысымызды айтамыз», - дейді Дариха Сахаутдинова. — Енді біздің көптеген сұрақтарымыз шешілетін болды. Менің ұлым да колледжге білім алуға оқуға түсе алады. Мен СҚО Полиция департаментіне жүгінбегенде құжаттарымызды алмайтын едік».

Полицейлер «Жолда қабылдау» акциясын замануи форматта өткізген жөн деп санайды. «Бүгінгі таңда әлеуметтік желілер халықты ақпараттандырудың тиімді құралы болып табылады», – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Талғат Әбілов. – Біз әлеуметтік желілердегі пайдаланып, азаматтардан өздерінің, қарт туыстарының құжаттарын ретке келтірулерін сұраймыз. Апалы-сіңлілі Нұғұмановтардың мәселесі 1990 жылдарға тән жағдай болса да, бүгінгі күнде де жиі кездеседі».

Аталмыш акция кезінде көші-қон қызметіне қатысты сұрақтар жиі қойылады. Осындай тақырыптағы сұрақтар акцияның екінші күнінің алғашқы жартысында СҚО Полиция департаментінің әлеуметтік желілерде өткен тікелей эфирлерінде қойылды. Бір жарым күнде тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандықтардың 150 астам сұрағына жауап берді.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы