
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» республикалық акциясы аясында азаматтарды қабылдап, олардың сұрақтарына жауап беруде. Азаматтар сұрақтарын облыс орталығында және өңірдің барлық 13 аудандарындағы полиция бөлімдерінің фронт-офистерінде, Nur Otan партиясының филиалдарында, сондай-ақ, Сall-орталықтар мен WhatsApp мессенджерінде қоя алады.
...Жұма күні облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция, жергілікті полиция және көші-қон қызметтері басқармаларының, процессингтік орталықтың басшыларымен кездесу Абай көшесі, 15 мекенжайы бойынша орналасқан Nur Otan партиясының залында мүмкін болды. Тәртіп сақшылары тұрғындардың сұрақтарын тыңдап, полиция ведомствосының әлеуметтік желілердегі Facebook пен Instagram парақшаларындағы тікелей эфир кезінде қолданушыларға кеңестерін берді. Полицейлермен бірге солтүстікқазақстандықтардың сұрақтарына жауап беру үшін Солтүстік Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бөлім басшысы Самат Бәрменбаев пен СҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кедендік бақылау бөлімінің бастығы Дмитрий Осипов та қатысты.
69 жастағы петропавлдық Михаил Суровежко акцияның өтіп жатқанын естіп, күннің бірінші жартысында арнайы келді. Михаил Николаевич – тәжірибелі жүргізуші, жарты ғасырға жуық уақыт бойы көлік тізгінінде. 1971 жылдың ақпанынан бастап бір кәсіпорындағы автобустың жүргізушісі болып қызмет атқарып келеді. Облыс ішінде ондаған мың бағытта жүріп, жолаушыларды Павлодар, Қостанай қалаларына, Ресейдің Нижний Новгород қаласына арнайы сапармен адамдарды апарып келген. Өзінің қызметіне жауапкершілікпен қарап, ондаған жыл кәсіби тәжірибе жинағаны үшін «Құрметті автокөлікші», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталыпты.
«Жеке өзімнің және қалааралық автобус паркінің жүргізушілік құрамының атынан Полиция департаментінің қызметкерлеріне олардың жол үстінде атқарып жатқан жұмыстары және жолдағы көмектері үшін алғыс айтамын. Біз алыс сапарға шығып, жолаушыларды тасымалдаймыз. Олардың арасында әйелдер мен балалар да болады. Жол үстінде түрлі жағдай болып қалуы мүмкін. Полицияға қоңырау шаламыз, бірден келіп көмектерін көрсетеді. Қажетті техниканы ұйымдастырады. Жүру мүмкін болмаған жағдайда төтенше жағдай қызметкерлерімен бірге түнейтін орын іздеп, жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Айта берсек мұндай мысалдар көп», - дейді Михаил Суровежко.
СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуынша, кең ауқымды «Жолдау қабылдау» акциясы ай сайын, екі күн бойы өткізіледі. «Бүгінгі қабылдауымыз ҚР ішкі істер министрінің бастамасымен 2019 жылдың сәуір айынан бастап жаңа формата өткізіліп келе жатқан акцияның он екінші кезеңі. Өткен жылы «Жолда қабылдау» акциясы шеңберінде СҚО Полиция департаментіне 4400 астам түрлі тақырыптағы сұрақтар келіп түсті», - дейді Қанат Айтбаев.
Акцияның екінші күнінде азаматтарды қабылдайтын мобильдік топтың жұмысы Жамбыл көшесі, 71 «А» мекенжайындағы СҚО ПД Көші-қон қызметінде жүргізіледі. Сондай-ақ, осы кезде «Аулалардағы қабылдау» барысында учаскелік полиция инспекторлары азаматтарды облыс орталығының тірек пункттерінде қабылдайды.
Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметінің инспекторы