
Жедел бөліністің қызметкерлері аса ірі көлемге жататын 500 граммға жуық синтетикалық есірткіні облыс орталығының 29 жасар тұрғынынан анықтады. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған қала тұрғыны «Telegram» мессенджерінде арнайы ашып, 3,5 мың желі қолданушыларын жинаған. Осы онлайн-ресурсы арқылы қаланың түрлі аудандарына жасыра отыра, синтетикалық есірткі сатумен айналысқан.
Күдікті есірткілік масаң күйде Петропавл қаласының орталығында өткен бейсенбі күні ұсталды. Ол мінген таксиді тексеру кезінде бірнеше грамм синтетикалық есірткі алынды. Басым бөлігі 400 граммнан аса спайсты полицейлер күдіктінің пәтерінен тапты. Сондай-ақ, оның үйінде синтетикалық есірткі дайындауға арналған концентрат, электрондық таразы, бөлшектеп салатын материалдар, ұялы телефон және ноутбук алынды.
«Есірткі сату фактісі бойынша ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған адам Петропавл қ. Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұрын ол есірткі сақтағаны үшін сотталған, былтырғы жылдың көктемінде босап шыққан», - деді Петропавл қ. ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы Рахат Нұрахметов.
Бұл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі қызметкерлерінің айлар бойы жүргізген жұмысының жемісі. Былтыр күзде СҚО полицейлері Аққайың ауданында есірткі зертханасын анықтады. Жыл басынан полицейлер есірткі бизнесі саласында 37 қылмыстық істі анықтады. 1 400 граммнан аса түрлі есірткі заттары алынды. Синтетикалық есірткіні алғаш қолданғаннан бастап, адам оған бірден тәуелді болатынын және кез-келген уақытта өлімге әкелуі мүмкін екендігін естеріңізге саламыз.
СҚО ПД баспасөз қызметі