Петропавлдың мектеп оқушылары полицейлермен волейбол ойнады

Петропавлдың мектеп оқушылары полицейлермен волейбол ойнады

Балалық шақты қорғау – бар қоғамның бірігуін қажет ететін мақсат. СҚО-да өткізіліп жатқан «Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер балалық шақ мәселелерімен айналысатын барлық мамандық өкілдерімен, бастысы балалардың өздерімен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Петропавл қ. ювеналдық полицейлері және қазақ мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары арасындағы волейболдан жолдастық кездесу әңгімелесулер, кездесулер, дөңгелек үстелдер легіндегі жарқын оқиғаға айналды.

«Спорттық мереке өткізген мақсатымыз, балалардың полицейлерден өздері сияқты еліктегіш адамдарды көргендерін қаладық, - дейді Петропавл қ. ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушева. – Жас қазақстандықтардың полицияға деген сенімді қарым-қатынастары – ресми мақсат қана емес, бұл - жасөспірімнің қиын жағдайда тәртіп сақшыларына көмекке жүгінуінің кепілі. Ал полицейлердің жұмысы болса, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, ойланбастан еш қадам жасамауына жол бермеу».

Ойын тартысты өтті, нәтижесі де қызықты болды. Полицейлердің дене шынықтыру дайындықтары, сөзсіз жоғары, алайда қомандалық ойындағы машықтары оқушыларға жеңіс сыйлады. Мектеп оқушылары бірінші (қыздар) және екінші орындарды (ұлдар) жеңіп алды. Балалардың ойынды жалғастыру туралы ұсыныстары полицейлер үшін сый болды. Ұлдар мен қыздар, оқушылар мен полицейлер кезек-кезек доп ұрып, рахатқа бөленді. Ойын барысында алған әсерлері жеңістен маңызды. Марапаттау рәсімінде полицейлер балаларды тәтті сыйлықтармен - «Қауіпсіз мектеп» іс-шарасы үшін арнайы тапсырыспен әзірленген торт және шоколадпен таң қалдырды.

Жедел-профилактикалық іс-шара 11-15 наурыз күндері өткізілуде, осы екі күннің ішінде ювеналдық полицейлер облыс мектептерінде құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша 40 кеңес отырысын өткізді, 148 оқу орнында жасөспірімдер арасындағы өзекті проблемаларды анықтау бойынша жасырын сауалнама жүргізді. Мектептер мен колледждердің ақпараттық стендтеріне кез-келген қиын жағдайда жүгінуге болатын сенім телефондары көрсетілген 268 жадынама орналастырылды. Тексеріс қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарына өткізу режимдерін ұйымдастыру, бейнебақылау камераларын тиімді етіп орнату бойынша 16 хат жолданды.

СҚО ПД баспасөз қызметі