
Жылдың соңғы күндерінде СҚО полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін нығайтуға күш салуда. 16 желтоқсаннан бастап облыста "Мас жүргізуші" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Күшейтілген рейдтер жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға бағытталған. Күн сайын орта есеппен облыс жолдарында полицейлер 3 мас жүргізушіні анықтайды. 10 күн ішінде осындай 31 факт тіркелді. Тәртіп сақшылары еске салады: ішімдікті ішкеннен кейін көлік жүргізу —өрескел бұзушылық, ол үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға басқару құқығынан айыру қарастырылған.
"Жүргізіліп жатқан жұмыстың түпкі мақсаты — мас күйінде басқару фактілерін жою", — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. - Мас жүргізуші жол жағдайындағы өзгерістерге тез және нақты жауап бере алмайды. Ол ықтимал қылмыскер болып табылады. 11 айда облыста мас автокөлік жүргізушілерінің кінәсінен 26 ЖКО орын алып, 6 адам қаза тапса, 27 адам жарақат алды".
Сондай — ақ, ЖПІШ кезінде полицейлер жылдамдықты асырғаны үшін 137 жүргізушіні, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 51 жүргізушіні, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне жүргені 25 жүргізушіні жауапкершілікке тартты. Барлығы 2 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО