СҚО полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған жұмыстар атқаруда

СҚО полицейлері Жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды қорғауға бағытталған жұмыстар атқаруда

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден қорғау – жаңажылдық мереке қарсаңындағы полиция міндеттерінің бірі. Желтоқсанның 15-нен облыста «Шырша» акциясы бастау алды. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарына рейдтер жүргізуде. Іс-шараларға СҚО бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені, жойғаны не зақым келтіргені үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталар үшін – 100 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Келтірілген шығын сомасы 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

«Сондай-ақ, сауда нүктелері – басты назарда, - дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Айдын Байматов. – Сауда жасау үшін тиісті рұқсат құжаты болуы маңызды. Бүгінгі күні заңсыз кесу және сату фактілеріне жол берілген жоқ. Акция желтоқсанның 31-не дейін жалғасады».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО