
Күзде солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткі таратты деген күдікпен Петропавл қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Жеке тінту барысында одан кристалл тәрізді зат салынған «зиплок» пакет тәркіленді. Жалдамалы пәтерден тағы екі пакет пен темекі шегуге арналған құрылғы табылып, алынды. Полицейлер ұсталғанның тұрғылықты жері бойынша жеке меншік үйдің ауласынан аса ірі мөлшердегі есірткі салынған полимер пакет алды. Сараптама қорытындысына сәйкес «тұз» деген атпен белгілі α-PvP есірткі заты болып табылады. Алынған заттың жалпы салмағы 484,32 грамм, бұл аса ірі мөлшерге жатады және 2 мың астам бір реттік қолданатын дозаны құрайды.
«Аталған факті ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. — Қазіргі уақытта іс материалдары сотқа тапсырылды. Жыл басынан бері СҚО полицейлері есірткі сатты деген күдікпен 82 адамды ұстады. Заңсыз айналымнан 425 кг. есірткі алынды, оның ішінде 3 кг. 429 гр. синтетикалық есірткі».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО