
Қар үстіндегі мылтық пен патрондар, бұзылған құлып, арқасына пышақ сұғылған өлген адамның манекені – СҚО үздік криминалисі Сергей Матвеевтің астанаға ала барған презентациялық ролигіндегі реквизиттер. ҚР ІІМ жедел-криминалистикалық бөліністерінің қызметкерлері арасында кәсіби байқау өткізді.
Байқау жаңа форматта ұйымдастырылды. Алғашқы кезеңде шешендік қабілеттерін ашатын бейнетаныстырулары, құзыреттілігі, айналысатын істері бағаланды. Одан кейін заңнамадан білімдерін тексеру үшін тест өткізілді. Екінші кезеңде ұрлық, ЖКО жасалған, адам өлтірілген имитация жасалған орындарды қарау кезіндегі практикалық тапсырмаларды орындады. Байқау нәтижесі бойынша полиция майоры С. Матвеев төртінші орынды еншіледі.
Облыс атынан лайықты өнер көрсеттім деп ойлаймын, үздік үштіктен кейінгі орынға ие болдым, меніңше жақсы жетістік, - дейді ол. Бастысы жеңіс емес, қатысу маңызды. Криминалистика әрдайым өзін–өзі дамытуды талап етеді, ал мұндай іс-шаралар мамандығымыздың мәртебесін арттырады, одан әрі кәсіби өсуге ынталандырады».
36 жасар Сергей Матвеев криминалист болып 14 жыл жұмыс істейді. Жеке ісінде 64 алғысы бар, оның ішінде атыс қаруын пайдаланумен орын алған қаржы полициясы бастығының орынбасарын тапсырыспен өлтіруді ашуға қатысқаны үшін ІІМ министрінің 2014 жылы берген марапаты да бар. Дактилоскопия, трасология, құжаттарды техникалық зерттеу, баллистика, суық қаруды зерттеу сияқты 5 түрлі криминалистикалық зерттеулерді өткізуге рұқсаты бар. Сондай-ақ геномдық зерттеулерді және одорологиялық тексерулерді жүргізу сертификатына ие. СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінің бірі ретінде жас полицейлерге сабақ өткізеді, өз білімімен бөлісіп, әдістемелік нұсқаулықтар әзірлейді.
«Мен әрқашан ізденіс үстіндемін, - дейді Сергей. – Криминалистердің жұмысынсыз қанша қылмыстың ашылмай қалатынын елестету қиын. Өз жұмысымды және Департаментімнің жұмысын көрсетуге мүмкіндік берген байқау ұйымдастырушыларына алғысымды білдіремін».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО