
СҚО полицейлері есірткіні өткізу аса ауыр қылмыс болып табылатынын еске салады, ол үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік көзделген.
Наурыз айында СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала тұрғынының есірткі сатты деген күдікпен ұсталғаны туралы хабарлады. Ол кезде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері 2 келі марихуананы өткізу әрекетінің жолын кесті. Күдіктінің тұрғылықты мекенжайында тағы 12,5 кг-ға жуық марихуана салынған пластикалық қапшық пен 143 грамм гашиш тәркіленді. Бұл аса ірі мөлшерге жатады. Қазіргі уақытта 28 жастағы азамат 11 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.
«Жыл басынан облыста өткізу мақсатымен есірткі сақтағаны үшін барлығы 17 адам сотталды», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. – Үкімдердің басым бөлігі 10 жылдан асады. Осылайша, биылғы жылы облыста сотталған есірткі сатушылар бас бостандығынан айыру орындарында жалпы саны 215 жыл өткізеді».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО