Солтүстікқазақстандық полицейлер болашақ фельдшерлермен кездесті

Солтүстікқазақстандық полицейлер болашақ фельдшерлермен кездесті

Синтетикалық есірткілерді қолданудың салдары, есірткі қылмыстары үшін қарастырылған жауапкершілік пен халық арасында «ВИЧ» аталып кеткен адамның иммунитет тапшылығы вирусының таралуының алдын алу – кездесудің тақырыбы болды.

Облыстық полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Жанар Байғазина Солтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжінің студенттеріне синтетикалық есірткілердің зияны туралы айтып, пікір алмасты. Болашақ фельдшерлер алынған ақпараттың шынайы әсерін «Тұздар мен спайстар. Құрдымға апарар жол» деректі фильмінен көре алды. Бұл фильм солтүстікқазақстандық полицейлердің тапсырысы бойынша 2018 жылдың жазында түсірілді. YouTube желісінде бұл фильмді жарты миллионнан астам адам қарады. Сондай-ақ, өз баяндамасын СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының әлеуметтанушысы Оксана Симухина оқыды. Оның баяндамасы иммундық тапшылық вирусының алдын алуға арналды. Кездесу соңында қан құрамында ВИЧ-инфекциясының белгілерін анықтау үшін студенттерге экспресс-сынақ өткізу ұсынылды.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаевтың айтуынша, студенттер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне енгізілген өзгерістерден хабардар етілді. Интернет желісін қолдану арқылы синтетикалық препараттарды тарату үшін заңнамамен қатаң жауапкершілік қарастырылған. Ағымдағы жылдың екі айы ішінде облыста есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында 39 қылмыс тіркелген. Заңсыз айналымнан бір келіге тарта түрлі есірткі заттары алынған. Оның ішінде 289 грамы – героин, 81 грамы – синтетикалық есірткі.

Жыл басынан Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері мектептер мен колледждердің оқушыларына, студенттеріне арнап білім ордаларында 39 дәріс өткізді. Нашоқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспаөсз қызметінің инспекторы