Петропавл полицейлері қалалықтарды подъездерде жасалатын ұрлықтар жайлы ескертеді

Петропавл полицейлері қалалықтарды подъездерде жасалатын ұрлықтар жайлы ескертеді

Адамдар үйлердің подъездерінде қараусыз қалдыратын шаналар, балалар қол арбасы, велосипедтер – бөтеннің мүлкін ұрлауға әуестердің жиі оңай олжасына айналып жатады. Жыл басынан Петропавлда осындай 11 ұрлық тіркелді, оның ішінде 7 «темір тұлпар» ұрлығы.

…Облыс орталығының тұрғыны белгісіз қылмыскер Жәлел Қизатов көшесіндегі үйдің подъезінен «Forward» жасөспірімдер велосипедін ұрлағаны туралы полицияға жүгінген. Подъезд бейнекамералармен жарақталған, жазбалар күдіктінің белгілерін анықтауға септігін тигізіп, сол күні ұры ұсталды. Осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 40 жасар қала тұрғыны болып шықты. Ол ұрланған мүлікті иесіне қайтарып, жәбірленушіден келісімге келуді…

«Әдетте, қаскөйлер жаңа салынған үйлердің подъездеріне енуге ұмтылады, - дейді Петропавл қ. ПБ криминалдық полиция бөлімі мүліктік қылмыстарды ашу жөніндегі бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Ерболат Каптаев. — Кең баспалдақ алаңы тұрғындардың велосипедтерді, шаналарды, қол арбаларды қоюына ыңғайлы. Домофондармен қорғалған подъездерге кірудің кең таралған әдісі кез-келген пәтердің нөміріне қоңырау шалып, есікті ашуды өтіну. Полицейлердің жиі жүргізген түсіндіру жұмысы өз жемісін беруде. Бүгінде петропавлдықтар мұндай алдамшы әрекетке сирек ұшырауда, бейтаныс адамдардан кім екенін және қай пәтерге баратынын сұрастырады. Қылмыскерлер өз әдістерін өзгертуде, енді олар тұрғындар қашан есікті ашатынын күтіп, іле олардың соңынан кіреді».

Жеке меншік үйлерде аулада қалдырылған заттар бірден қылмыскерлердің көзіне түседі, кейде қаскөйлер ауыз үй мен қора-қопсыларға кіріп жатады. Әдетте, ұрлық түнде орын алады, 11 ұрлықтың ішінде біреуі күндіз жасалған, соның 3 жағдайында иелері мүліктерінің жоғалғанын бірден анықтамаған, сол себепті ұрлықтың қай уақытта жасалғаны белгісіз болып отыр.

Күн жылынған кезде велосипед ұрлығының саны артуына әкелетіні сөзсіз және полицейлер көктем басталысымен өз мүліктерінің сақталуына мұқият қарауды ескертеді. Бейнебақылау подъездерде жасалған ұрлықты ашуда сенімді көмекші, сондай-ақ оны алдын алудың берік құралы болып табылады. Мүмкіндік болса мүлікті қараусыз қалдырмау қажет. Велосипедті ұрлап әкетуге қарсы троспен жабдықтау қажет. Сонымен қатар, полицияға уақтылы жүгіну қылмыстың «ізін суытпай» ашуға септігін тигізетіндігін естен шығармаған жөн.

Қазіргі уақытта 11 ұрлықтың 5-уі ашылды, қалғаны өндірісте.

Игорь Мерцалов, СҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы