Солтүстік Қазақстан облысында 258 ерікті жұмыс істейді. Олардың ең үлкені – 83-те болса, ең кішісі – 6 жаста. Бұл туралы мектеп оқушыларының полицейлермен өткен кездесуінде СҚО бойынша іздестіру жасағының жетекшісі Евгений Соловьев айтты.
Петропавл қаласының № 2 орта мектебінде қалалық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Динара Мұқанова 9-10 сыныптардың оқушыларымен кездесті. Барлығы 70-тен астам оқушы қатысты. Оларға профилактикалық сипаттағы бейнероликтер көрсетіліп, құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік туралы айтылды. Сондай-ақ, оқушылар алдында СҚО бойынша іздестіру жасағының жетекшісі Евгений Соловьев сөз сөйледі. Солтүстікқазақстандық танымал ерікті өзінің құрдастарына іздестіру жасағының жұмысы туралы, әсіресе жасөспірімдер мен жастарға қажетті ақпаратты айтып берді.
«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде учаскелік инспекторлармен бірлесіп, кәмелетке толмағандарға заң бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы айттық. Жиі жасалатын заң бұзушылықтарға тоқталдық. Біздің жасақтың жұмысымен таныстырдық, мұнда қалай кіруге болатыны, адамдардың өмірлерін құтқаруда қандай жұмыстар атқарылатындығы жайлы айтып бердік», - дейді Евгений Соловьев.
Қалалық Полиция басқармасының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Динара Мұқанова жоғарғы сынып оқушыларына айтып өткендей, 2019 жылы Қазақстан Республикасының аумағында кәмелетке толмағандармен 2645 қылмыс жасалған, оның 90 пайызы – оқу орындары оқушыларының еншісінде. Жасөспірімдер тарапынан болатын және оларға қатысты жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды ескерту мақсатында ювеналдық полицейлер «Қауіпсіз мектеп» профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыстарды күшейтті. Тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді, көңіл көтеру орындары мен проблемалы мекенжайлар бойынша рейдтік іс-шаралар ұйымдастырып, мектеп оқушыларымен және ата-аналармен, ұстаздармен кездесулер өткізеді.
Петропавл қ. Полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры Эльмира Абушеваның ақпаратынша, петропавлдық балалардың құқықтық тәртіпті сақтауын және олардың қауіпсіздігін күн сайын ювеналдық полицияның 49 қызметкері қадағалайды. Ағымдағы жылдың басынан полицияға есепке кәмелетке толмаған 7 жасөспірім қойылды. Тұрмысы қолайсыз 23 отбасы бақылауға алынды. Көңіл көтеру орындарында түнгі уақытта 37 тексеріс жүргізілді. Түн ортасында кәмелетке толмағандардың үйден тыс жүргені үшін 95 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды.
«Қауіпсіз мектеп» жедел-профилактикалық іс-шарасы наурыздың 11-і мен 15-і аралығында жүргізіледі. Осы сияқты профилактикалық іс-шаралар мен кешкілік рейдтер апта сайын өткізіліп тұрмақ.
Юрий Клыков, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы