Жолдарда апаттылық жағдай қаупін тудыратын факторлардың бірі –жаяу жүргіншілердің жолдың белгіленбеген жерінен өтіп, бейқамдық танытулары. Ересектер өз өмірлеріне қауіп төндіріп қана қоймай, өскелең ұрпаққа жаман үлгі көрсетеді. Осы сияқты бұзушылықтардың басым бөлігі ірі сауда нүктелері маңында орын алады.
Петропавлда Орталық көтерме сауда және «Алтын арман» базарлары аудандарындағы Астана, Интернациональная, Абай көшелері, сондай-ақ «Тайга» сауда үйі маңындағы Жамбыл көшесінің бөлігі.
«Жолдың аталған бөліктері көліктердің қарқынды жүрісінен қауіпті, сондай-ақ жол жиегіне қойылған автомобильдердің көптігінен айналаға шолу жасау шектеулі, - дейді облыс орталығындағы полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары полиция подполковнигі Болат Жұмағазин. – Жаяу жүргіншілердің уақыттарын үнемдейміз деп, өз өмірлерін ғана емес, басқа да жол жүрісіне қатысушылардың өмірлеріне қауіп төндіретіндерін есте сақтағаны жөн. Қағып кетуден қашқақтаймын деп, басқа көлік құралымен соқтығысуы әбден мүмкін. Жаяу жүргіншілер жол қиылыстарында бағдаршамның жасыл түсі жанғанын тоспай өте береді, ал көлік жүргізушілері бұл кезде манёврлерін жасап жатуы мүмкін. Көптеген жаяу жүргіншілер тыңдауыштар пайдаланып, автомобиль сигналдарын істімей жатады...»
Жыл басынан облыс жолдарында ҚР кодексінің «Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» 615-бабы бойынша 1134 хаттама толтырылды. Полицейлердің айтуынша, аталған тәжірибенің басты мақсаты – жазалау емес, жол жүрісіне қатысушылардың өліміне және жарақат алуына әкеп соқтыратын жол-көлік оқиғаларына жол бермеу.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларында 8 жаяу жүргінші зардап шекті.
Игорь Мерцалов, СҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің жетекші маманы