
«ІІМ үздік жедел уәкілі» республикалық конкурста Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкері полиция майоры Марат Халимулин жүлделі үшінші орыннан көрінді.
Жуырда ҚР ІІМ Алматы академиясында үшкүндік конкурс өтіп, оған еліміздің барлық өңірінен 21 жедел уәкіл қатысты. Офицерлер заңнаманы білуден, атыс және спорт дайындығы, эрудиция, сондай-ақ кездейсоқ жағдайларда әрекет етіп, шешім қабылдау бойынша өзара сынға түсті.
Марапаттау рәсімі ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Сәденовтің қатысуымен салтанатты түрде өтті. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орынды Павлодар облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі Айбек Алқамбек иеленді. Екінші орынға Алматыдан аға жедел уәкіл Жәнібек Құдайбергенов табан тіреді. Жүделі үшінші орын СҚО ПД КПБ жедел уәкілі Марат Халимулинге берілді.
35 жастағы полиция майоры Марат Халимулин ішкі істер органдарында 2005 жылдан бастап қызмет атқарады, Қарағанды заң институтының түлегі. Қазіргі уақытта Криминалдық полиция басқармасының мүліктік қылмыстарды ашу бөлімінде еңбек етуде.
Полицейдің айтуынша, конкурстың үш кезеңінде де еш қиындық туындамаған. «Алған тәжірибем үшін конкурстың ұйымдастырушыларына ризашылығымды білдіремін», - дейді Марат. – Конкурс барысында әріптестерімізбен ой бөлісіп, кемшіліктерді назарға алдық, жеткен жетістіктерімізге қуандық. Үнемі өз біліміңді жетілдіріп отыру, іздену, заңдарды оқу, спортпен шұғылдану деген қорытынды жасадым».
Жедел уәкілдер криминалистермен және тергеушілермен бірге күн сайын тәуліктік кезекшілікке түседі, қылмыспен күресте алдыңғы шепте, кез келген уақытта із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге дайын болады. Бұл қызмет ерекше жауапкершілікті талап етеді әрі тәуекелге толы. Жедел бөліністердің тәжірибелі офицерлері полицияның таңдаулы қызметкерлері болып табылады.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО