
Мемлекетіміз егемендігін алған жылы дүниеге келген Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкері Бауыржан Жаров тәуелсіз Қазақстанның құрдасы болғанын мақтан тұтады, әрі бұны үлкен жауапкершілік деп біледі.
Ол полиция қатарындағы қызметке 2014 жылы орналасты. Бірінші күннен бастап ол батальонда қызмет атқарып келеді. Бұл таңдауына еш өкінген емес. «Қызметімнің өзіндік ерекшелігі бар. Күнделікті қызмет барысында түрлі сипаттағы оқиғалар болып жатады. Әрине, полицияның шұғыл түрде ден қоюын қажет ететін оқиғалар мүмкіндігінше аз болғанын қалаймыз. Азаматтардың өміріне қауіп төнген жағдайда біз, полиция қызметкерлері, оқиға орнына бірінші болып барамыз. Сондықтан біз бәріне де дайын болуымыз керек», - дейді Бауыржан.
Патрульдік полицейге қойылатын талаптардың бірі – тез арада әрекет етіп, шешім қабылдау. Санаулы минуттар адам өмірін алып қалуы мүмкін. Жуырда осындай оқиғалардың бірінде полиция аға лейтенанты Бауыржан Жаров пен оның әріптесі Азат Зейнолов және учаскелік инспектор Марат Мусин егде жастағы әйелді өрттен аман алып шықты. Қараша айының басында Бауыржан мен Азат вокзал маңындағы алаңға жіберілді. Онда жүгіріп жүрген асыл тұқымды ит адамдарға шабуыл жасап, біраз алаңдатқан. Анықталғандай, үй жануары бұған дейін жоғалып кеткен. Полицейлер оны ұстап алып, кинологиялық қызмет орталығына жеткізді. Аздаған уақыттан соң табылғанына қуанған иесі оны үйіне алып кетті.
2020 жылы Бауыржан мен Азат және есімі белгісіз петропавлдық тұрғын көпірден секірмек болған мас ер адамды құтқарды. «Бақытымызға орай, мұндай оқиғалар жиі бола бермейді», — дейді Бауыржан. – Бірақ әдетте мас күйдегі жанжалдың соңы немен аяқталатынын білмейсің. Бұдан бөлек, мас жүргізушілер үлкен қауіп төндіреді. Қызметімізді атқару кезінде мас жүргізуші басқарған «Volkswagen Passat» автокөлігін тоқтаттық. Оған 5 хаттама толтырдық. Көлікті басқару құқығынсыз мас күйінде мінгені, жолдың қарсы бөлігіне шыққаны, полицияның тоқтау талабын орындамағаны және тағы екеуі бағдаршамның тыйым салынған қызыл түсіне өткені үшін». Абырой болғанда, бұл түнде көшелерде ешкім болмады. Бәлкім, ол кейін мас күйде жылдамдықты асырып, өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп төндіргенін түсінген шығар.
Бауыржан әр іске жауапкершілікпен қарауды адамның бойындағы маңызды қасиеттердің бірі деп санайды. «Қазақстан» мен үшін тұрақтылықты, тұтастықты, көпұлтты халықтың бірлігін білдіреді. Отанымыздың осындай басты құндылықтарын қорғау — полиция қызметінің түпкі мақсаты», - дейді ол.
Бауыржанның қызметке деген жауапкершілігін басшылық та бағалады. Ол және батальонның басқа взводында қызмет ететін інісі Диас халықаралық ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2017 жылы ел астанасына жіберілген үздік қызметкерлердің қатарына кірді. Полицей мамандығы халықтың тыныштығы мен тәртіпті сақтауға бағытталған. Сондықтан, мемлекет үшін маңызды мереке – Тәуелсіздік күнінде ол күшейтілген түрде қызмет атқарады. Үйде оны жұбайы Гүлайым, 5 жасар қызы Дария мен 2 жасар ұлы Әбілмансұр асыға күтеді. Полиция қызметкерінің жұбайы отағасының неге жиі үйде болмайтынын жақсы түсінеді. Ол медбике, декреттік демалысқа шыққанға дейін 2020 жылы елде қауіпті дерт белең алған уақытта барлық әріптестерімен бірге төтенше жағдай режимінде табанды қызмет етті. Сондықтан жауапкершіліктің не екенін жақсы біледі. «Мұны балаларға да үйретеміз. Өйткені олар – Отанымыздың тағдырына жауапты болатын қазақстандықтардың келесі ұрпағы», – дейді Бауыржан.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО