Полиция қызметкері Жаслан Шамшуалиев – тәуелсіздіктің құрдасы

Полиция қызметкері Жаслан Шамшуалиев – тәуелсіздіктің құрдасы

Тәуелсіз Қазақстанға 31 жыл толады. Петропавлдағы учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Жаслан Шамшуалиев те тәуелсіздікпен бірге жасауда. Ол заң колледжін аяқтап, әскери борышын өтеген соң 2011 жылы ішкі істер органдарына қызметке орналасқан. Еңбек жолын туған өлкесі Уәлиханов ауданынан бастап, кейін облыс орталығына ауысқан. Қазіргі лауазымында төрт жыл қызмет етуде. Қиындықтар кездеседі. Қызметтің қыр-сырын меңгеруде аға буын қол ұшын берді.

Жаслан өзінің тәлімгері – Серік Әубәкіровті ерекше ықыласпен еске алады: «Ол тәжірибесі мол, мейірімді, қайырымды жан. Маған адамдармен қалай тіл табысу, қарым-қатынас жасау жолын көрсетті. Адамдарға түсіністік танытып, тіл табыса білсең, еш қиындық туындамайды деп ойлаймын. Даулы жағдайлар – отбасылық жанжалқойлар және басқаларымен де жиі бетпе-бет келеміз. Мұндай жағдайлар көбіне алкогольдік масаң күйде орын алады...».

Ішімдік ішудің салдары көптеген оқиғаларға себепші болатынын полицейлердің жұмыс барысында көресің. Отбасын сақтап қалу үшін көбіне маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберуге тура келеді. Бұл учаскелік инспекторлардың негізгі жұмысы болып табылатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етеді. Бүгінгі таңда, өзекті міндеттердің бірі – интернет алаяқтықты ескерту. Халықпен жиналыс өткізу және есептегі адамдарды тексерумен қатар, Жаслан тұрғындарға жадынамалар мен буклеттер таратып, «банктен шалынған қоңырауға» жауап беруге болмайтынын түсіндіреді. «Кейде адамдардың өздері учаскелік пунктке келіп: міне, бізге банктен қоңырау шалды, не істейміз деп сұрайды. Олармен профилактикалық әңгіме өткізіп, бұл алаяқтардың әрекеті екендігін түсіндіреміз...» - дейді Жаслан.

Қызметтің ерекшелігі учаскелік инспекторлар қызмет көрсететін аумақтағы барлық жағдайға жауапты. Жасланның пікірінше, жастардың санасында «Біз мемлекетіміз тәуелсіздік алған жылы дүниеге келдік, ел болашағы үшін жауаптымыз деген ұғым берік орнығуы керек», - дейді ол.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО