СҚО полицейлері жыл басынан 45 қылмыскерді іздестірді

СҚО полицейлері жыл басынан 45 қылмыскерді іздестірді

Қылмыскерлерді іздестіру криминалдық полиция бөліністерінің жұмысындағы бағыттардың бірі болып табылады. 2020 жылдың екі айының қорытындысы бойынша 45 қылмыскер іздеуде болды. Олардың 35-і – «өткен жылдар» санатындағылар, ал 9-ы – пробациялық бақылауды бұзғандар (пробациялық бақылау – сынақ мерзімі кезінде сотталғандардың сот жүктеген міндеттерді орындауына бақылауды жүзеге асыру бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінің жұмысы). Жыл басынан 8 қылмыскер анықталып, ұсталды.

...Қаңтар айында СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасына бұрыс істі болған және пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғынына қатысты іздестіру ісі келіп түсті. 2019 жылдың соңында пробациялық қызметпен өзіне қарастырылған жауапкершіліктен жалтару үшін ер адам Петропавл қаласынан 100 шақырым жерде жасырыныпты. Ауылды жердегі бір шаруа қожалығында қара жұмысшы болып жұмыс істеп жүрген жерінде оны жедел уәкілдер ұстады. Ол бірден облыс орталығына жеткізілді.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Петр Климовтің айтуынша, ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған тұлғаларды іздестіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады екен. Жыл басынан «өткен жылдар» санатындағы екі қылмыскер ұсталды.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, қажетті мәліметтерді ұзақ әрі тірнектеп жинаудың және түрлі нұсқаларды тексеру «өткен жылдары» жасалған қылмыстардың ашылуымен аяқталады. Осындай жұмыстарды күшейту мақсатында облыс аумағында ақпан айында «Қаңғыбас» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Тек екі күн ішінде полицияға 200-ден астам адам жеткізілді. Олардың барлығы есепке қойлып, қылмыстардың ашылуына қажет болатын жедел ақпарат жиналды.

Юрий Клыков, СҚО ПД баспасөз қызметі