
Желтоқсанның 12-нен 13-іне қараған түні «Оңтүстік» ББ СҚО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Игорь Сёмин мен Александр Авдонин кезекшілік атқарды. Сағат 23:05. шамасында бекеттің маңына Аққайың ауданының тұрғыны басқарған «Audi» автокөлігі тоқтады. Медицина қызметкерлерінің өтініші бойынша ол медбике мен акушердің ілесіп жүруімен 20 жастағы жерлесін Перинаталдық орталыққа әкеле жатқан. Акушердің айтуынша, толғағы басталған. Полиция лейтенанты Игорь Сёмин қызметтік автокөліктің жарқылдауық маягін қосып, ілесіп жүруді қамтамасыз еткен.
«Мұндай жағдай ППБ қызметінде жиі кездеседі, — дейді Игорь Сёмин. — Мысалға, менің әріптесім Александр Авдонин өткен жылы осындай жағдаймен бетпе-бет келген. Кешке қала көшелерінде автокөлік легі көбейетінін атап өткен жөн. Абырой болғанда, барлық жүргізушілер ЖЖЕ қатаң ақтап, жедел жетуімізге мүмкіндік жасады».
Перинаталдық орталықта босанатын әйелді медицина қызметкерлері қарсы алды. Кейін Игорь Сёмин акушерге қоңырау шалды. Ол ауыл тұрғыны ұл баланы аман-есен дүниеге әкелгенін айтты.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО