Жыл басынан петропавлдық полицейлер 79 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

Жыл басынан петропавлдық полицейлер 79 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді

Облыс орталығында 11 айда мас күйде жасалған 318 қылмыс тіркелді. Маскүнемдікке салыну – үй ішіндегі жанжалдарға, бұзақылықтарға, денсаулыққа зиян келтіруге себеп болып жатады. Осының алдын алу мақсатында учаскелік полиция инспекторлары қызмет көрсететін аумақтарындағы құқық бұзушылықтар жасауға бейім тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жұмыстар қарашаның соңында басталған «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы шеңберінде күшейтілді. Акцияның басынан 30 адамға қатысты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген қорғау ұйғарымдары шығарылды. Олардың барлығы дерлік ащы судың әсерінен жасалған.

Бірер күн бұрын Петропавл қ. Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Жамбыл ауданының Благовещенка ауылында орналасқан мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге 10 адамды жіберді.

«Полиция қызметкерлері аталған азаматтарды емделуге жіберу үшін жақындарының өтініші бойынша қажетті құжаттар жинау бойынша біршама жұмыстар атқарылды», - дейді Петропавл қ. ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы полиция майоры Рустам Садулов. - Емдеу бірнеше айға созылады. Бұл маскүнемдікке салынған адамдар үшін дұрыс өмір сүруге оралудың бірден бір жолы».

Жалпы, жыл басынан Петропавлдық полицейлер 79 адамды маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделуге жіберді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО