Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 11 ай ішінде 113 қару тәркіледі

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 11 ай ішінде 113 қару тәркіледі

Тіркелмеген қару - қауіптің басы болып табылады. Көп жағдайда қаруға қатысты қарапайым сақтық шаралары ескерілмейді, ол оқыс оқиғаға себепкер болуы мүмкін немесе криминалдық мақсатта пайдалану үшін ұрлануы мүмкін. Мысалы, Тимирязев ауданында тұратын тұрғынның сарайынан тегіс ұңғылы аңшылық қару анықталды. Тайынша ауданындағы ауыл тұрғыны «қосұңғылды» кіре берісте сақтаса, оның жерлесінен тәртіп сақшылары 12 калибрлі 9 оқты гаражынан анықтады. Сондай-ақ, аңшылық қару Қызылжар және Шал ақын аудандарының екі тұрғынынан алынды. Барлығына қатысты әкімшілік материал жинақталды.

«Аталған фактілер облыста өткен «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шара барысында анықталды, - деді СҚО Полиция департаменті азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімнің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Құрман Мусин. – Бұған дейін «Құқықтық тәртіп» ЖПІШ аясында бірнеше факті анықталды. Әкімшілік полиция қызметкерлерінен басқа криминалдық полиция және учаскелік инспекторларда осы бағытта жұмыс істеуде. Солтүстікқазақстандық полицияның сыртқы бөліністерінің қызметкерлері қаруды заңсыз сақтау фактілерін анықтауға бағытталды».

Ішкі істер органдарына заңсыз сақталған қару мен оқ-дәрілерді ерікті тапсыру жауапкершіліктен босатылатынын полицейлер еске салады. Барлығы 11 айдың ішінде облыс полицейлері тіркелмеген қарудың 113 фактісін анықтады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО