
СҚО полицейлері Қызылжар ауданының 66 жастағы тұрғынынан екі бірлік қару мен патрондардың үлкен қорын тәркіледі. СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу кезінде тіркелмеген қаруды сақтау фактісін анықтады. Ер адамның тұрғылықты жерінен шағын калибрлі «ТОЗ-17» винтовкасы мен оған арналған 170 патрон, сондай-ақ «ИЖ» маркалы аңшы мылтығы мен тегіс ұңғылы қаруға арналған 80 патрон алынды. Заңсыз сақталған барлық заттар алынып, сараптамаға жіберілді. Винтовканы сақтау фактісі ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тегіс ұңғылы мылтықты сақтау фактісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабы бойынша материал жиналды.
«Ер адамның сөзінше, ол қарудың аталған үлгілерін бірнеше ай бұрын қараусыз қалған бос үйден тауып алған», – дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Мадияр Харипов. – Естеріңізге сала кетейік, тіркелмеген қару қауіпті болып табылады. Ол оқыс оқиғаға себеп болуы не болмаса криминалдық мақсатта қолдану үшін ұрлануы әбден мүмкін. Тыйым салынған заттарды ерікті түрде тапсыру тіркелмеген қару үшін көзделген жауапкершіліктен босатады».
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО