Петропавлдық жүргізуші жол үстінде көмек көрсеткен полицейге және жүргізушілерге алғысын білдірді

Петропавлдық жүргізуші жол үстінде көмек көрсеткен полицейге және жүргізушілерге алғысын білдірді

Петропавл тұрғыны Instagram желісіне жылылыққа толы story жариялаған. Ол қиын жағдайға тап болған кезінде көмек көрсеткен Мамлют ауданының учаскелік полиция инспекторына және жүргізушілерге алғысын білдірген.

Қарашаның 27-сі аязды жексенбі күні екі баласымен Петропавлға жол тартқан әйелдің «Mercedes» автокөлігі Дубровное ауылының маңында істен шыққан. Жолшыбай өтіп бара жатқан жүргізушілер көмек көрсетпек болған, біреуі полицияға хабарласқан. Шақыртуға Мамлют ауданы ПБ учаскелік инспекторы Әлібек Осипов шыққан. Көлік ақауы күрделі болғандықтан эвакуатор шақыртуға тура келді. Дей тұрғанмен, келіншек полицйелерге және жүргізушілерге ризашылығын білдірген. Олар жол үстінде қиын жағдайда қалдырмай, әйелді де балаларын да жылыну үшін көліктеріне отырғызған. Полиция майоры Осипов адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолдағы қозғалысты реттеген.

«Жол-жөнекей өтіп бара жатып көмек көрсеткен жүргізушілерге, әсіресе полиция қызметкері Әлібек Базарбайұлы Осиповқа ерекше алғысымды білдіремін», - деп жазған.

Полицейлер Солтүстік Қазақстанның қатал климатында құтқарушылардың sms-хабарламаларын қадағалап, алыс сапарға шығар алдында көліктерінің техникалық жағдайын тексеріуді ұмытпауларын ескертеді. Сонымен қатар, өздерімен бірге жылы киімдерін, телефон қуаттайтын құрылғыларын, көлік жөндейтін құрал-саймандарын ала шыққан дұрыс дейді.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО