
Петропавлда 1 мен 2 желтоқсан аралығында құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында хоккейден республикалық турнир өтті. Винокуров атындағы спорт сарайының мұз айдынында бірнеше өңірдің құтқарушылары мен солтүстікқазақстандық полицейлер күш сынасты. Жарыс басталар алдында қатысушылар өртпен күресте алған күйік жарақаттарынан 16 қарашада қайтыс болған Астан қ. өрт сөндіру қызметінің қызметкері Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды. Мұз айдынында өткен тартысты жарыста «Динамо» денешынықтыру спорт қоғамы атынан өнер көрсететін СҚО ПД қызметкерлері командасы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Хоккей команданы жұмылуға, кез келген сәтте жылдам шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған турнирде тәртіп сақшылары жақсы спорттық дайындықтарын көрсетті. Спорттық іс-шараларға қатысу полицейлерге жақсы физикалық формада болуға және салауатты өмір салтын насихаттауға көмегін тигізеді.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО