
Петропавл тұрғыны Александр Геннадьевич Матвеев ағымдағы жылғы тамыз айының ортасында есірткімен байланысты қылмыс бойынша күдікке ілінді. Одан «тұз» деген атауымен белгілі 4,77 гр. α-PvP синтетикалық есірткісі тәркіленді, бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті соттан жасырынған. Қылмыстық қудалау органы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат жолдады.
Ерекше белгілері: бойы 190-195 см., дене бітімі - арық, шашы қысқа сары, көзі қоңыр, қолдарында татуировка бар.
Полиция қызметкерлері оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, 8 (7152) 61-93-75, 61-93-65, +7-776-580-80-82 телефонына немесе «102» арнасына хабарлауды сұрайды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО