Полицейлер мен жұртшылық өкілдері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды

Полицейлер мен жұртшылық өкілдері «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде серіктестік туралы меморандумдарға қол қойды

Қазақстан халқы ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы шеңберінде «Отбасыдағы зорлық-зомбылық» дөңгелек үстелі өтті. Кездесуде «Әйелдер күштері Альянсы», Аналар мен ардагерлер кеңестері, «Қызылжар аналары», Ана үйі, «Надежда, Вера, Милосердие» қоры, «Қазақ білім ордасы» балалар дамыту орталығы мен Петропавл қ. Полиция басқармасының қызметкерлері бас қосты.

Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллиннің айтып өткендей, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерінің ерекше бақылауында. Учаскелік инспекторлар мен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде, «сенім телефондары» мен call-орталықтардың нөмірлерін тұрғындарға таратуда. Қарашаның 25-нен бастап облыста «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды, оның барысында профилактикалық сипаттағы жұмыстар күшейтілді.

Дөңгелек үстелде офицерлер мен өңірдің белсенді әйелдері пікірлерін айтып, проблемалық мәселелерді көтерді, сондай-ақ оларды шешу жолдарын ұсынды. Бұдан бөлек, әйелдер мен балалардың, үй-күйсіз жүрген азаматтардың жағдайын жақсартуға бағытталған серіктестікті нығайтудағы мәселелерді шешудегі өз ойларымен және тәжірбелерімен бөлісті.

Кездесудің қорытындысы ретінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі, полиция мен «Әйелдер күштері Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында мерзімсіз меморандумға қол қойылды.

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы әлі де жалғасуда. Тәртіп сақшылары ескерткендей, қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды қайғылы жағдайдарға жеткізбей алдын алған жөн. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мамандардың кеңестері мен қажетті көмегін 8 (7152) 49-31-58 (Петропавл қ. ПБ) және 8 (7152) 61-25-30 (СҚО ПД) телефондары арқылы немесе 150 республикалық call-орталығына, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторына немесе «102» арнасына жүгініп алуға болады.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО