
СҚО Айыртау ауданында полицейлер 300 литр заңсыз алкоголь алды. Тәртіп сақшылары аудан орталығы Саумалкөл дүкендерінің бірінде құрамында спирті бар өнімдерді заңсыз сату фактісін анықтады. Тексеріс дүкен иесінде тиісті лицензияның болмағанын анықтады. 581 шөлмек алынды, дүкен иесіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 463-бабы «Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша материал жиналды.
«Алкоголь өнімдерінің айналымы саласындағы бұзушылықтар масаң күйде отбасылық жанжалдың туындауына, бұзақылықтардың және басқа да қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал етеді, - дейді Айыртау ауданының ПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Тұрлыбек Жамалитденов. Елді мекендерде лицензияланбаған алкогольдік өнімдерді қолдан сату жиі кездеседі. Мұндай сусындар сатып алушылардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіпті, көбіне іңірде, масаң күйде келетін адамдар жасырын сататын үйдің көршілеріне ыңғайсыздық тудырып жатады. Учаскелік полиция инспекторлары мұндай фактілерге жол бермеу үшін мақсатты жұмыстар жүргізуде, халықтан келіп түсетін сигналдарды тексереді».
Облыста бойынша жыл басынан лицензиясыз құрамында алкоголь бар өнімдерді сатудың 237 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 8 мың литрге жуық алкоголь алынды.
#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО