Петропавл тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі алынды

Петропавл тұрғынынан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі алынды

Петропавл тұрғыны «жасыратын жер» ұйымдастыру арқылы синтетикалық есірткі өткізді деген күдікпен қыркүйек айының соңында гараж кооперативтерінің бірінің маңында полицейлермен ұсталды. Жеке тінту кезінде 24 жастағы қалалықтан трикосының қалтасынан кристал тәрізді зат салынған 3 полимер түйіншек және портфелінен 20 түйіншек тәркіленді. Оның жауабын тексеру барысында гараждардың бірінің қабырғасының астынан жасырын орын табылды, полицейлер осындай 60 түйіншек салынған пакет тәркіледі. Бүгінгі таңда сараптама нәтижелері алынды, оған сәйкес тәркіленген зат «тұз» деген атпен белгілі α-PvP синтетикалық есірткі болып табылады. Алынған заттың жалпы салмағы 39,33 гр. жуық, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Жас жігіт қамауда.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, — дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Иван Терзиди. — Есірткі өткізу үшін заңнамамен қатаң жауапкершіліктің, оның санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көздейтінін еске саламыз».

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО