Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы үштен бірге төмендеді

Солтүстік Қазақстанда мал ұрлығы үштен бірге төмендеді

Тайынша ауданында полицейлер қараусыз жүрген 100 бастан асатын бір табын жылқыны анықтады. Жылқылардың иесін анықтау бойынша шаралар қабылдануда, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 408-бабы бойынша жауапқа тартылады. Тәртіп сақшылары малдың еркін жайылуының мал ұрлығына жағдай жасайтыны туралы, қаңғып жүрген мал жолға шығып, жол-көлік оқиғасына себепші болуы мүмкін екендігін еске салады. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері малды еркін жаю фактілерін анықтау және жолын кесуге бағдарланды – бұл мал ұрлығының алдын алудағы маңызды шаралардың бірі болып табылады.

«Облыста мал ұрлығының төмендегені байқалады, - деп атап өтті СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Жыл басынан осындай 21 қылмыс тіркелді, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 31 тіркелген болатын. Осындай ауыр қылмыстардың түрлері айтарлықтай төмендеді, өткен жылы 23 болса, биылғы жылы 9 факті тіркеліп отыр. Ауыл шаруашылық жануарларын еркін жаю қағидалары енгізілмей тұрып, облыста мал ұрлығы бірнеше есеге көп болатын. Мал иелері мен бақташылардың жауапкершілігі алдын алудың пәрменді шарасы болды».

Облыстың барлық аудандарында мал ұрлығы фактілерін азайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Халыққа заңнама талаптары, малды ұйымдасқан түрде жаю мақсатында жасалатын үш жақты шарттардың басымдылығы түсіндіріледі. Жыл басынан малды еркін жайғаны үшін 4030 адам жауапкершілікке тартылды. Арнайы қамау орындарына 11 мыңнан астам қаңғып жүрген мал орналастырылды.

#ҚРІІМ #МВДРК #QRIIM #MVDRK #Polisia #Полиция #Police #SQOPD #SQO_PD #СҚО_ПД #ДПСКО #СҚО_полицейлері #полицейские_СКО